Алматыда тұрғын үйдің 8-қабатынан аяғы ауыр келіншек секіріп кетті

Qaz365.kz редакциясы

Әлеуметтік мессенджерде келіншектің 2000 жылы туылғаны айтылуда

Экспресс К

 

Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады. Ол үйдің 8-ші қабатынан секіріп кеткен, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, келіншектің мұндай қадамға баруына жанұялық жанжал себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тіпті түнімен полиция қызметкерлері сол пәтердің жанындағы көршілердің есігін қағыпты.

Тұрғын үй кешеніндегі әлеуметтік мессенджерде келіншектің 2000 жылы туылғаны айтылуда. Тіпті оқиғаның бейнежазбасы да тарап кетті. Онда белгісіз ер адамның өкініштен айғайлап тұрғанын естисіз.