Ұрыдан ұрлаған: Астанадағы көлік жүксалғышынан ұрланған материалдардың қайда кеткені белгісіз

Nur-Altay Umirzak

Ол бұрауыштың көмегімен көлік жүксалғышын заңсыз ашқан

Сурет: hondacarmine.ru

Астанада автокөлік жүксалғышынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Астана қаласының полиция қызметкерлері Dodge Stratus автокөлігінің жүксалғышынан құрылыс құрал-саймандарын ұрлаған 33 жастағы ер адамды құрықтады. Тергеу барысында анықталғандай, бұрын сотталған күдікті бұрауыштың көмегімен көлік жүксалғышын заңсыз ашып, ішіндегі құрылысқа қажетті құрал-саймандарды алып кеткен. Бұл әрекеті арқылы жәбірленушіге 170 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар күдіктінің ұрланған заттарды белгілі бір жерге апарып жасырғаны белгілі болды. Алайда кейінірек бұл құрал-саймандарды тағы да белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Қазіргі таңда екінші ұрлық дерегі бойынша да тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғалар анықталуда. Күдікті өз кінәсін толық мойындады және қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.