Түркияда 6 минутта үш рет жер сілкінді - видео

Qaz365.kz редакциясы

Дүмпудің салдарынан таудағы топырақ төмен сырғыған

Видеодан кадр

Түркияның Кайсері қаласында магнитудасы 4,7 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Show Ana Haber телеарнасына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі 7 наурызда жергілікті уақытпен 14 сағат 47 минутта тіркелген. Бұл жолы 6 минуттың ішінде үш рет жер сілкінген. Дүмпудің салдарынан таудағы топырақ төмен сырғыған. Абырой болғанда, топырақ көшкінінен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады. Зілзаладан қаза тапқан адамдар саны 46 мыңнан асты.