«Есімде жоқ»: Шерзаттың сотындағы куәгер әйел пікірін өзгертті

Qaz365.kz редакциясы

Талдықорғанда шулы іске қатысты сот процесі жалғасып жатыр

Видеодан скрин

Талдықорғанда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі куәгер қыздың бірі куәлігін өзгертіп, Шерзатты қалай ұрғанын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Сотта және тергеу кезінде куәгер ретінде сөз сөйлеген Нұрбекованың берген жауаптары бір-біріне қайшы шықты. Бұған дейін Нұрбекова сотталушы Абзал Шынасылдың қолында пышақ болғанын, онымен Шерзаттың арқасынан қалай ұрғанын өз көзімен көргенін айтқан. Енді ол куәлігін өзгертіп, пышақты көрмегенін айтып отыр. 

Бұдан бөлек, Нұрбекованың тағы бір сәйкеспейтін жауабы белгілі болды.

Сот отырысы барысында прокурор оқиғадан кейін «777» дүкеніне кірген кезде неліктен заң өкілдеріне хабарласпағанын куәгерден тағы сұрады.

Сол сәтте мен қорықтым. Данамен Талғарға жеткеннен кейін бірден полицияға барып, айтамыз деп ойладым, – деді Эльмира Нұрбекова.