Ұлытау облысында 90 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Nur-Altay Umirzak

Ол жер телімдерінің кадастрлық құны – 147 млн теңгеден асады

Сурет: 247media.kz

Ұлытау облысында 90 мың гектар пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ұлытау облысының жер пайдаланушылары Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.Қадағалау актілері бойынша жол берілген бұзушылықтарға байланысты кадастрлық құны 147 млн теңгеден асатын жалпы ауданы 90 000 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы шеңберінде ауылдық жерде тұратын шын ниеті бар тұрғындарға қайтарылған жерлерді пайдалануға беруге бағдарланған.