Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ұлы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған

Qaz365.kz редакциясы

Экспертиза Ринат Болатұлының алкоголь ішкенін анықтаған

abai.kz

Сыбайлас жемқорлықпен сотталған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ұлы Ринат Болатұлы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған. Бұл туралы журналист Оңғар Қабден Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Ұсталған соң, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіпті. Экспертиза Ринат Болатұлының алкоголь ішкенін анықтаған.

Болат Бақауовтың өзі былтыр Павлодар-Шідерті тас жолында Лексус 570 көлігімен жол апатына түсіп, өзінің рөлде болмағанын сотта дәлелдеген болатын.
Биыл дәл сондай Лексус 570 көлігімен ұлы осындай жағымсыз оқиғаға ұрынды. Көлік айыптұрағында екен-мыс,
– деп жазады ол. 

Айта кетейік, 2020 жылғы мамырда Павлодар облысының бұрынғы әкімі 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Болат Бақауов барлық мемлекеттік наградасынан, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылған.