ҰҚК арнайы жасағы ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысын ұстады

Qaz365.kz редакциясы

Ұсталғандар қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілініп отыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Қызылорда және Арал қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҰҚК телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Ұзақ уақыт жедел зерделеуден кейін 2022 жылғы 18 қазанда Қызылорда және Арал қалаларында "А" арнайы мақсаттағы қызметі жұмылдырылып және прокуратурамен іске асырылған арнайы операция барысында өңірлік ұйымдасқан қылмыстық топтың 32 қатысушысы ұсталды", –  делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, топтың әр мүшесінің өзіне жүктелген міндетіне қарай нақты құрылымы қалыптасқан. Қажетті шешімдерді тұрақты түрде өткізіліп тұратын "жиналыстарда" қабылдап тұрған.

"Ұсталғандардың қатарында трансұлттық қылмыстық ұйымдардыңтоп басшыларына бағынышты және солардың атынан әрекет етіп, Қызылорда облысының қылмыстық иерархиясында белгілі бір дәрежеге ие болғандар бар.Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша қарудың бірнеше түрі, "ұрылар кассасының" сметасы, есірткі заттары, сонымен қатар тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де заттар мен құжаттар алынды", – деді ҰҚК өкілдері.

Ұсталғандар қылмыстық топ құру, басқару және қаражаттандыру, бопсалау сынды ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

"Осылайша ұйымдасқан қылмыстың Қазақстандағы позицияларының және елдегі қылмыстық ахуалға әсерін күшейту бойынша жоспарлары бұғаттады.Трансұлттық қылмыстан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр", –  делінген хабарламада.