Соңғы айда шекарада ҚР заңнамасын бұзған 4 323 адам анықталған
2025-жылдың сәуір айында еліміздің шекара кеңістігінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл тура ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы сәуірде шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 4 323 бұзушы, оның ішінде 3 565 шетелдік азамат жауапқа тартылды.Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өтудің 1 455 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
- 37 факті – есірткі заттары;
- 92 факті – қарулар мен оқ-дәрілер;
- 357 факті – жанар-жағармай материалдары;
- 793 факті – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары;
- 176 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам шетел валютасы.
Сондай-ақ, Каспий акваториясында 90 браконьерлік фактінің алды алынды және Қызыл кітапқа енгізілген 617 дана бекіре тұқымдас балық, тоғыз бас каспий итбалығы табиғи мекендеу ортасына жіберілген. Заңсыз балық аулар құралдары алынған:
- 41 дана – жүзу құралдары;
- 118 км – торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
- алды алынған залал сомасы 1 млрд 900 млн теңгені құрайды.
Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілген.