Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады

Nur-Altay Umirzak

Мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы әкәімдігі мәлімдеді.

“Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Алып мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр”, – делінген әкімдік ақпаратында.

Батырдың алып бейнесі Астанадағы футбол алаңында жасалған.

“Әрбір үзінді –  әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», – дейді ұйымдастырушылар.

Жобаны дүниежүзілік рекордтар кітабына тіркеуге өтініш берілген.