Сот отырысының нақты мерзімі нақтыланбаған
24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы екі сот процесі күтіліп отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов мәлімдеді.
- “Біріншісі – алимент төлеу мәселесі. Қаржы көлемі Бишімбаев табыс тауып тұрған кезде бекітілген. Қазір ол жұмыссыз, сонда да сол соманы қалай төлейді?
- Екіншісі – моральдық өтемақыға байланысты. Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл талаппен жеке шағым түсірген”, – дейді адвокат Ерлан Ғазымжанов.
Еске сала кетейік, осыған дейін біз Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Газымжанов сотталған экс-министрдің бұрынғы жұбайы Назым Қахарман мен Бишімбаевтар отбасы арасындағы алимент дауына қатысты мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз.