Оқиға Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде болған
Қытайда алманың үлкендігіндей бұршақ жауып, жүздеген үй, көліктер мен егінге орасан зақым келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оқиға Сычуань провинциясындағы Цинчуань уездінде болды. Төпелеп жауған жауынның арты бұршаққа айналып 10 минут бойы тоқтаусыз жауған.
“Жергілікті жерде төтенше жағдайдың қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жұдырықтай түйіршік мұздар үйлердің шатырын шұрық тесік етіп, жүздеген көліктердің терезесі қирады. Адам өлімі тіркелген жоқ. Бірақ жарақат алғандар бар. Жұрт қыруар шығынға батты. Әсіресе ауыл шаруашылығына орасан зияны тиген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр”, – делінген жергілікті әкімшілік басқару қызметі хабарламасында.
Метеорологиялық қызмет мұндай жағдай кейінгі 10 жылда болмағанын мәлімдеді.