«AMANAT»: ауыл халқының табысын арттыруға ықпал етеміз

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғын үй, таза ауыз су, жылу, энергия және жолдарды жаңғыртуға ықпал етіп, азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне бар күш-жігерін салатындығын айтты

 

«АМАNАТ» партиясы

«AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауыл халқының табысын арттырады деп күтілуде. Бұл ауыл халқының жағдайын жақсартып, азаматтардың табысын арттыруды көздейді, деп хабарлайды qaz365.kz.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткерлер Ержан Ескендір, Жорабек Нұрымбетов, Алмас Рахметов, Жаннат Кожарипова Қызылөзек ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 
Басқосу барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қуатты әрі өзін-өзі қамтамасыз ететін экономика қалыптастырып, бақуатты өмір лайықты жұмыс пен еңбек жағдайын жақсарту жөнінде пікір алмасты. 

–  «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауыл халқының табысын арттырамыз. Ауыл тұрғындарының табысын, біліктілігін арттыру, кадр тапшылығын жоюға ықпал етеміз. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңкелердің ұйымдастырылуын және маусымаралық кезеңде тұрақтандыру қорларының толтырылуын қамтамасыз етеміз. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 23,8%-ға өсіп, 2027 жылы 238,5 млрд. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығында 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады және шаруашылықтардың машина-трактор паркі 4%-ға дейін жаңаланады. «АМАNАТ» барлығына тең мүмкіндіктер жасауды мақсат етіп отыр»,- деген үміткер Жорабек Нұрымбетов ауыл тұрғындарын «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Жанат Қожарипова  медицина саласында қандай өзгерістер болатынын, халыққа қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтты.


«AMANAT» партиясы Қызылорда қаласында ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана салуға, 200 төсекке арналған заманауи перинаталдық орталық салынуына, 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт құрылысын жүргізуге қаржының бөлінуіне ықпал ететін болады. Бұл жұмыстар нәтижесінде тұрғындарымыз сапалы медициналық қызмекте қол жеткізетін болады», – деді Жанат Қожарипова.

Партияласының сөзін жалғай кеткен үміткер Алмас Рахметов партияның инфрақұрылымды дамытудағы, оның ішінде: тұрғын үй, таза ауыз су, жылу, энергия және жолдарды жаңғыртуға ықпал етіп, азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне бар күш-жігерін салатындығын тілге тиек етті. 

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді