Таразда даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының музейі ашылды

Qaz365.kz редакциясы

Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған

Видеодан кадр

Бүгін даңқты қолбасшы, айтулы стратег, ержүрек жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толып отыр. Осыған орай Таразда ел жадында мәңгілікке сақталған ерліктің символына айналған тұлғаға арналған Бауыржан Момышұлы музейі ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 

Музейде Баукеңнің өмір жолына терең бойлауға барлық жағдай жасалған. Келушілер оның балалық шағынан бастап әскери өмірі, отбасы, жеке заттары мен құжаттары қойылған арнайы көрмемен таныса алады.

Әсіресе, соғыс кезіндегі басқарған батальон, полк, дивизияға қатысты құпия құжаттар сақталған темір сейф, сондай-ақ шұғылалы шинель, етік, папаха, қалпағы мен аты аңызға айналған маузері ерекше әсер қалдырады. Маузердің үстінде Бауыржан Момышұлының есімі қашалып жазылған.

Бұл – тек музей емес, ұрпаққа үлгі, рух пен тарихтың алтын діңгегі. Батыр баба рухына тағзым!