Арабтар Жамбыл облысында екі жел электр станциясын салатын болды

Nur-Altay Umirzak

Екі жел электр станциясының ұрылысы келесі жылы басталмақ

Сурет: ortcom.kz

Арабтар Жамбыл облысында 1,4 млрд долларға екі жел электр станциясын салатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

“Бүгін тараптар тек құжаттармен алмасады. Келісім бекіді. Жоба аясында шамамен 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.Электр станциясын салу кезінде қуатты жинақтаудың заманауи жүйесі енгізіледі. Бұл жел күшейген уақытта артық өндірілген электр қуатын жинақтап, жүктеме шегіне жеткен сәтте оны желіге жіберуге мүмкіндік береді. Инвесторларға жер учаскесі жалға беріледі”, – деді Ерлан Ақкенженов.

Құрылыс келесі жылы басталмақ. Жалпы қуаты - 1 ГВт.