2,1 млн гектарды басып алған: Бектенов өңірлерде шегірткеге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды

Nur-Altay Umirzak

2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Сурет: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өңір әкімдеріне шегірткемен күресті күшейтіп, ауыл шаруашылығы жерлерін, әсіресе Түркістан және Жамбыл облыстарында, уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, 2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінген. Болжам бойынша, шегірткелердің таралу аумағы 2,1 миллион гектарға дейін жетуі мүмкін.

Қазіргі таңда 390 мың гектар жер өңделген, оның 368 мыңы – Түркістан облысында, 27 мыңы – Жамбыл облысында. Сапаров қажетті шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бектенов бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтіп, жергілікті билікке зиянкестердің таралуына жол бермеуді тапсырды.