Полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген
Қызылорда қаласында құны 900 млн теңге құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Әкімдікпен тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон кәсіпкерге шарт негізінде 15 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген. Дегенмен, сенімгерлік басқарушы есеп тапсыру, тапқан пайдасының елу пайызын сыйақы ретінде және таза кірісінің бөлігін мемлекетке төлеу жөнінде шарт міндеттемелерін орындамаған. Қадағалау актісінің нәтижесімен құны 700 млн теңгені құрайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигон және 326 га көлемінде құны 210 млн теңгені құрайтын 16 жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.
Ал негізінен әкімдік бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасау керек болса да көз жұмып қарап, әрекетсіздік танытқан. Бұл бағытта қазіргі таңда басқа да жұмыстар жалғасуда.