Қырғыз кәсіпкерлері митингке шықты

Qaz365.kz редакциясы

Олар жаңа салық ережелерін алып тастауды талап етті

Ашық дереккөзден

Бішкекте Талас және Ыстықкөл облыстарының кәсіпкерлері жаңа салық саясатына қарсы митингке шықты, деп хабарлайды qaz365.kz.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мәліметінше, ел астанасының Горький атындағы саябағында өтіп жатқан наразылық акциясына 400-ге жуық адам жиналды. Олар биліктен патент жүйесін қалдырып, касса аппараттарын орнатуға 5 жыл мораторий жариялауды талап етті.

Кәсіпкерлердің бірі Медетбек Сүйүнбаев Талас облысынан келген. Ол наразылық акциясына жиналғандардың "артында ешкім тұрмағанын", биліктің жаңа салық саясатына келіспейтінін ашық білдіру үшін бас қосқанын айтады.

Бір күн бұрын, 9 наурызда, Талас қаласында да саудагерлер митинг ұйымдастырып, жаңа салық ережелерін алып тастауды талап еткен.