Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Nur-Altay Umirzak

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ

Сурет: starcom68.livejournal.com

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Тажен» өткізу пункті 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

“Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан «Тажен» өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты. Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілген. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді”, – делінген ақпаратта.

Азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде бұл шектеуді ескеруге кеңес беріледі. Сондай-ақ мамыр айынан бастап ҚазАвтоЖол  “Тәжен” (Қазақстан) және “Дәут Ата” (Өзбекстан) пункттері арасындағы бейтарап жолақта автожол салуды бастайды. Осыған ұқсас жұмыстар Өзбекстан тарапынан да жоспарланған.