Айыпталушы Абзал Шынасыл сот отырысында бет-жүзін көрсете беруге келісті
Бүгін 21 мамырда ҚР Жоғаррғы соты ашық өткізіп жатқан Шерзат ісінде кісі өлтірді деп айыпталған сотталушыдан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл өзіне тағылған айыпты жартылай мойындайтынын мәлімдеді.
«Төбелес кезінде Шерзат Полат құлады. Неден құлағаным білмейді екенмін. Шалынып құлаған шығар дедім. Ол отырды. «Скорый» деп айғайлаған кезде барып тептім, ұрдым. Сол кезде арқамнан біреу тартты. Танымайды екенмін. Ол Әскентай Дархан екен. Оны танымаған соң екі рет ұрып жібердім. Нұрқанат қашып кетті екен десем, оны сүйреп алып кеткен екен. Оның шалбарынан құйымшақ жағы ашық жатыр екен. Төс қалтамдағы пышақты алдым да, жамбасына үш рет сұғып алдым», – деді сотталушы Абзал Шынасыл.
Абзал Шынасыл Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі 5,9 және 14-тармағы (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,7 және 9-тармағында (адам өлтіруге оқталу) көрсетілген қылмысты жасады деп айыпталып отыр.