Су тасқыны: Оралда медколледждің студенттері жатақханадан эвакуацияланды - видео

Qaz365.kz редакциясы

Жатақхана 2020 жылы салынған.

Видеодан кадр

140 студент уақытша таныстары мен туыстарын паналады, кейбіреулерін оқытушылар өз үйлеріне алып кетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап.

«Жатақхана 2020 жылы салынған. Алайда мұндай жағдай алғаш рет болып отыр», - дейді ғимаратты басқаратын компанияның қызметкері.

Оның айтуынша, жарықты өшіруге тура келген, өйткені электр қалқаны жертөледе орналасқан.

ТЖ бригадасы тек кешке таман жеткен. Оған дейін жатақханадағылар суды өз күшімен сорып шығарған.