БҚО-да қызыл су алған тас жол тазартылып, көлік қозғалысы қайта жанданды

Qaz365.kz редакциясы
t.me/qazavtojol

БҚО-да жол қызметкерлері "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" тас жолының 11 шақырымын басып қалған еріген қар суын бұрып, өзге де жедел іс-шараларды атқарды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі "Қазавтожол" ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жергілікті жол қызметтері қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған "Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы" тас жолының 11 шақырымында (Пойма елді мекенінің маңы) еріген қар суын бұру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жолды су басу қаупі толығымен жойылды, көліктердің қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", - деді "Қазавтожол" ММ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, жол қызметтері жол жиегін нығайту жұмыстарын екі мәрте жүргізді.

"Барлығы 200 инертті материалы бар қап қолданылды. Жұмысқа 5 бірлік арнайы техника мен 10 жолшы маман жұмылдырылды. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басқан жолдар тіркелмеді", - делінген хабарламада.

"Қазавтожол" ММ су басу қаупі бар республикалық жолдар тәулік бойы бақылауда ұстайды.

 

t.me/qazavtojol