«Аяғы ауыр деп ойлап қалдым»: Жаһан Отарғалиевке әйелі тосынсый жасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол сыйлықтан жылап қалды. 

instagram.com/zhahan_utargaliyev

Танымал актер, кинопродюсер Жаһан Отарғалиев әйелі жасаған тосынсыйдан көз жасына ерік бергенін көруге болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл сәтті әзілкеш өзі Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада оның жары қобалжып тұрғанын көруге болады.

Әрдайым сен мені қуантушы едің, енді сені қуантар кез – менікі, – дейді ол видеода. 

Күйеуіне ерекше сый ретінде кіші қажылық Ұмра сапарын тарту еткен. Мұндай сыйлықты актер күтпесе керек, ол қатты тебіреніп, тіпті көз жасына ерік берді. 

Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдірді. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған:

«Аяғы ауыр деп ойлап қалдым», «Екі «полоска» күткендер біргеміз», «Мұндай сыйдан артық не керек?!», «Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын», – деп жазды көпшілік.