Ауыл халқында үрей бар
Ақтөбе облысында екі басты бұзау туған. Бұл туралы журналист Нұрболат Туысбайұлы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.
«Балалық шағым өткен Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының тұрғынының сиыры екі басты бұзау туған. Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?» - деп алаңдаушылық білдірген.
Мал иесінің, көршілерінің және ауыл тұрғындарының айтуынша, екі басы да жұмыс істеген, екі көз, екі танау, екі ауыз, екі тіл. Бірақ өңеші жалғыз екен. Қол салып, сүт беріп көрген екен, бір өңештен өтіпті. Бірақ басын көтере алмаған. Ерекше туған төлдің ұзақ тіршілік етпегені айталды.