Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама тапсырылмайтын болды

Nur-Altay Umirzak

073/е анықтамасын қағаз түрінде ұсыну қажеттілігі жойылды

Сурет: gov.kz

Енді «Жүргізуші куәлігін алу» қызметіне жүгінген кезінде қағаз түріндегі 073/е медициналық анықтамасын тапсырудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Азаматтарға арналған үкімет МК мәлімдеді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Денсаулықсақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің интеграциясының нәтижесінде 073/е анықтамасын қағаз түрінде ұсыну қажеттілігі жойылды.

Енді қызмет алушыға өтінім бермес бұрын тек:

• мемлекеттік не жекеменшік емханада медициналық
тексеруден өту;
• медициналық куәландырудан оң нәтиже алу жеткілікті.

Медициналық тексеріс нәтижелерін растау процесі келесідей жүзеге асырылады:


1. 073/е үлгісі бойынша тексеру жүргізген медициналық
мекеме тиісті нәтижелерді Денсаулық сақтау
министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық
жүйесінен мәліметтер ХҚКО-ның интеграциялық
ақпараттық жүйесіне (ИАЖ ХҚКО) түседі.
3. Өтінімді қарауға уәкілетті қызметкер медициналық
тексерістен сәтті өткен анықтаманың бар-жоғын
тексереді.

073/е үлгісіндегі медициналықанықтама келесі жағдайларда қажет:

  •  жүргізуші куәлігін алғаш рет алу;
  • мерзімнің аяқталуына байланысты куәлікті ауыстыру;
  • қосымша жүргізуші санатын алу;
  • жүргізуші куәлігінен айырылған соң, куәлікті қайта рәсімдеу кезінде.