«ӘЙЕЛІМ»: Раймның концертінде киімдерін үтіктеп жүрген Ерке көпшілікті тәнті етті

Qaz365.kz редакциясы

Райм бүгінде Қазақстан бойынша концерттік тур өткізіп жүр

Ашық дереккөздерден

Бүгінде Ерке Есмахан сахнада емес, сахна сыртында қызметте жүр! Әнші күйеуі Раймның жеке кешінде көмек көрсетіп, жарына қолдау білдіріп жүр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі harpersbazaar.kz-ке сілтеме жасап.

Ерке тіпті сүйіктісінің сахналық образдарын дайындап, қажет болса үтіктеп берген. Бұл сәтті инстаграм желісінде бөліскен Райымбек оқырмандарына «әйелім» деп мақтанышпен көрсетті.

Музыкант бұған дейін жеке парақшасында жұбайына бірде-бір арнайы пост салмаған еді.

Еске салсақ, Райм бүгінде Қазақстан бойынша концерттік тур өткізіп жүр. Ал Ерке өнер әлемінен біраз уақытқа алшақтаймын деп айтқан еді.