БҚО-да су тасқыны салдарынан 150-ге жуық адам эвакуацияланды

Qaz365.kz редакциясы

Орал қаласы мен үш ауданда төтенше жағдай жарияланды

Qaz365.kz

Батыс Қазақстанда су тасқыны салдарынан 150-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орал қаласы мен үш ауданда төтенше жағдай жарияланды.

50-ге жуық үйді су басты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бір күннің ішінде қауіпті аймақтарға 4000 қап инертті материал төселіп, 25 мың текше метрден астам су сорылды.

Осыған дейін Орал тұрғындарымен тілдесіп, қарғын судың өткір мәселе болып тұрғанын жазған болатынбыз. Қаланың көп бөлігінде еріген қар суы кетер жол таппай, үйлерге кіруде. Көшелердің көбінде арық жоқ. Бар арықтың өзі дұрыс жобаланбаған, тазаланбаған. Бұл мәселе Оралдың Зашаған, Деркөл және 10 шағынаудандарында байқалды.