Қуандық Бишімбаев амнистиямен босатыла ма — Бас прокуратура жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Ол жұбайы Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Сурет: Бейнеден кадр/ ҚР Жоғарғы соты

24 жылға бас бостандығынан айрылған Қуандық Бишімбаев амнистиямен босатылмайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы сұраққа ҚР Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев жауап берді.

“Амнистия адам өліміне әкеп соққан қылмыстарға қолданылмайды — ол қылмыс қасақана жасалса да, абайсызда жасалса да”, – деп жауап берді Әсет Шындалиев.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың мамыр айында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бұған дейін, 2018 жылы Бишімбаев сыбайлас жемқорлық үшін 10 жылға сотталған, бірақ 2019 жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан болатын.