"Жетімдерін жылатқан": Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған

Nur-Altay Umirzak

Жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылықтары бұзылған

Сурет: cristyli.com

 Қызылорда облысында 154 жетім баланың құқықығы бұзылған, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Қызылорда облысының прокуратурасы мәлімдеді.

“Облыс прокуратурасы жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылығына талдау жүргізді. Нәтижесінде тұрғын үйді табыстау және кезектілікке қою барысында балалардың құқықтарының бұзылғандағы анықталды. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті. Алайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 102 бала тұрғын үй кезігіне 3 айдан кешігіп қойылса, 15-і мүлдем қойылмағаны белгілі болды. Сонымен қатар, комиссиямен оң шешім қабылданғанына қарамастан 37 баламен тұрғын үйді жалдау шарты жасалмаған.Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 41 жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді және барлығы кезектілікке қойылды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.