Орал тұрғыны анасының атынан жалған туристік фирма ашқан

Nur-Altay Umirzak

Оның жалған мекемесінен келген залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан

Сурет: tatil.uz

Орал қаласында адамның туристік қызмет көрсету түрімен жасалған алаяқтық әрекеті тоқтатылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған туристік қызметін ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген. Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған. Алаяқтың құрбаны 15-тен астам адам болды, залалдың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асқан. Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды”, – делінген.

Ол туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге және 5 жылға бас бостандығынан айырылған.