Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақыты өзгерді

Nur-Altay Umirzak

Түскі үзіліс уақыты 12:30-14:00-ге дейін

Сурет: egemen.kz

Алматы облысында мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеп отыр.

“Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелер 08:00-17:30 аралығында жұмыс істейді. Ал түскі үзіліс уақыты 12:30-14:00-ге дейін өзгертілді”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Ал бұған дейін депутаттар Астанада жұмыс уақытын таңғы сағат 07:00-ден бастауды ұсынған болатын.