Қазақстанның телефон коды өзгеруі мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Бағдат Мусин айтты

Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда телефон коды +7-ден +77-ге өзгеруі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Министр АҚШ-қа сапары барысында Халықаралық электрбайланыс одағының (ITU) басшысымен кездесіп, Қазақстанның телефон кодын өзгерту мәселесін талқылағанын атап өтті.

"Қазіргі код +7. Мен АҚШ-та болғанымда ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен кездестім. Онымен бұл мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді бізге резервке қойды. Бірақ ITU-ге бізге +7 емес +77 қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және мұндай өтініштер бойынша кездесулер мен талқылаулар өткізуі керек. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді. Қазақстанда басқа елдермен бірге қолданылатын +7 емес, өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз", - деді Бағдат Мусин үкімет отырысы кулуарында.