Алматылықтар Көктөбеде Көрісу күнін тойлады - видео

Qaz365.kz редакциясы

Мерекеде ән шырқалып, би биленіп, күй күмбірлеп, барлық қонаққа бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.

Қ.Қонысбаев

Көктөбенің төрінде Наурыз мейрамының басталуын паш еткен Көрісу мерекесі өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Мерекелік концерт сахнасында «КешYou», тобы, Мөлдір Әуелбекова, Айдар Тұрғанбек және «Алашұлы» ұжымы өнер көрсетті. Іс-шараны «Жаңа күн» прологымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері ашты.

Келушілер дәстүр бойынша бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Мерекеде ән шырқалып, би биленіп, күй күмбірлеп, барлық қонаққа бауырсақ пен наурыз көже ұсынылды.

Көрісу – Наурыз мейрамымен ұштасып жатқан мерекенің бірі. Бұл күнді халқымыз өкпе-реніштен құтылып, қыстан аман-есен шыққан күн ретінде атап өтеді.

Халқымыз көктемге аяқ басқанның құрметіне бас қосып, қауышуды құп көрген. Бұл күн кешірім күні деп те аталады. Маңғыстау өңірінің жұрты оны Амал мерекесі дейді.