Ресейге баратын қазақстандықтар нені ескеруі қажет

Nur-Altay Umirzak

90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

pkzsk.info

Ресей шекарада шетелдіктерге арналған жаңа ережелерді енгізуде, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы елшілігі мәлімдеп отыр.

2025 жылғы 30 маусымнан бастап Ресей шетелдік азаматтар, оның ішінде қазақстандықтар үшін шекарадан өту бойынша жаңа тәртіпті сынақ режимінде енгізеді. Жаңа ереже бір жыл бойы пилоттық режимде жұмыс істейтін болады.

“Шетел азаматтарына Ресейге кіру үшін алдын ала «ruID» мобильді қосымшасы арқылы электронды өтініш беріп, Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесіне тіркелу ұсынылады. Бұл қосымша 24 маусымнан кешіктірілмей жүктеуге қолжетімді болады.Өтінішті жоспарланған сапарға 90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта беруге болады”, – делінген елшілік мәліметінде.

Дегенмен, төтенше жағдайларда — мысалы, жақын туыстың қайтыс болуы немесе ауыр науқасы жағдайында — растайтын құжаттарды ұсыну арқылы өтінішті шекарадан 4 сағат бұрын да беруге рұқсат етіледі.