Оның айтуынша, бұл жанжал өзінің атақты болғаны үшін ғана көпшілікке тарап кетті
Белгілі қазақ балуаны Дәулет Тұрлыханов ұлының елдің назарын аударған төбелесі жайында айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, бұл жанжал өзінің атақты болғаны үшін ғана көпшілікке тарап кетті.
“Қызымен түнгі клубқа барады, оқиға 12-лер шамасында орын алған. Мұнда айтып кететін жайт – оның Тұрлыхановтың ұлы екендігі. Сондықтан осындай дүрбелең шықты. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің ұлы болғанда, мұндай шу шықпас та еді. Мен, әрине, оның қоғамдық орында төбелескенін, күш көрсеткенін қаламаймын. Ол осы ісі үшін менен таяқ жеді. “Неге мені жерге қаратасың” дедім оған. Оған қазір ақсақал ретінде айтамын. Ол “өзі ғой бастаған” дейді. Енді мұнымен тергеу орындары айналыссын.
Біз де төбелескенбіз. Жас кезінде барлық жігіттер төбелеседі, ондай жағдай болып тұрады. Бірақ осы үшін “әкесі осындай адам” деп шу шығарудың қажеті жоқ. Мен сияқты ұлтжандылар аз. Мен сияқты ұлтжанды адамдарды тауып көрсін. Әрине, жастарымыздың мықты болғанын қалаймын”, – деді Тұрлыханов Динара Сатжанға берген сұхбатында.