Мен сияқты ұлтжандылар аз - Тұрлыханов

Qaz365.kz редакциясы

Белгілі спортшы берген сұхбатында осылай айтты

prosports.kz

“Мен сияқты ұлтжандылар аз. Мен сияқты ұлтжанды адамдарды тауып көрсін”. Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов Динара Сәтжанға берген сұхбатында осылай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қызымен түнгі клубқа барады, оқиға 12-лер шамасында орын алған. Мұнда айтып кететін жайт – оның Тұрлыхановтың ұлы екендігі. Сондықтан осындай дүрбелең шықты. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің ұлы болғанда, мұндай шу шықпас та еді. Мен, әрине, оның қоғамдық орында төбелескенін, күш көрсеткенін қаламаймын. Ол осы ісі үшін менен таяқ жеді. “Неге мені жерге қаратасың” дедім оған. Оған қазір ақсақал ретінде айтамын. Ол “өзі ғой бастаған” дейді. Енді мұнымен тергеу орындары айналыссын.

Біз де төбелескенбіз. Жас кезінде барлық жігіттер төбелеседі, ондай жағдай болып тұрады. Бірақ осы үшін “әкесі осындай адам” деп шу шығарудың қажеті жоқ. Мен сияқты ұлтжандылар аз. Мен сияқты ұлтжанды адамдарды тауып көрсін. Әрине, жастарымыздың мықты болғанын қалаймын”, – деді Тұрлыханов Динара Сатжанға берген сұхбатында.