2022 жылы Грузияға қашқан Қазақстан азаматы ұсталды

Qaz365.kz редакциясы

Үш жылдан бері күдікті қашып жүрген.

Ашық дереккөзден

Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген адам Грузияда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды.

Прокуратураның хабарлауынша, 2022 жылы күдікті танысын алдап, шамамен 13 миллион теңгеге автонесие рәсімдеуге көндірген. Қаражатты алғаннан кейін ол автокөлік сатып алып, өз міндеттемелерін орындамай, жасырынған.

ІІМ “Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда.