AZAL жолаушылар ұшағының Ақтаудағы апатына қатысты тергеу үш елде бір уақытта жүргізіліп жатыр, сараптама нәтижелері жақын уақытта жариялануы мүмкін.
1news.az хабарлауынша, бұл туралы Ресейде әзербайжандықтардың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өткен баспасөз мәслихатында Әзербайжан Бас прокуратурасы Тергеу басқармасының бастығы Немат Авазов мәлімдеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның айтуынша, шамамен 100-ге жуық сараптама тағайындалған, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«Жуырда әзербайжандық мамандар Қазақстанға іссапармен барып, онда кең көлемде талқылаулар жүргізді. Біз сараптама нәтижелерін алу үшін жұмысымызды жалғастырып жатырмыз», — деді Авазов.
Minval Politika редакциясына аты-жөнін көрсетпеген дереккөзден құпия хат түскен. Онда Ресей Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен әуе қорғанысы күштерінің ұшақты атып түсіргені туралы мәлімет бар.
Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.