Қазақстанда SIM-картаны енді дүкендер сата алмайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстанда ұялы нөмірлерді сатып алу тәсілі түбегейлі өзгереді.

Ашық дереккөзден

Алдағы айларда SIM-карталар дүкендерде сатылмайды. Енді ұялы нөмірлерді eGov порталы арқылы да сатып алуға болатыны белгілі болды. Тиісті өзгерістерді Цифрлық даму министрлігі әзірледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлікке қарасты Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабеновтың айтуынша, қазіргі кезде байланыс операторлары министрлікке өтінім беріп, белгілі бір нөмірлер пулын алады. Кейін бұл нөмірлерді қазақстандықтар сатып ала алады. Министрлік телекоммуникация нарығы мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеп, заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. "Заң жобасында біз абоненттік нөмірлерді тек операторлық желі арқылы ғана емес, eGov арқылы да тарату мүмкіндігін қарастырып отырмыз” деді Олжас Кабенов құжатты қоғамдық талқылау барысында.

Осылайша, болашақта қазақстандықтар абоненттік нөмірлерді өз бетінше онлайн таңдап, сатып ала алуы мүмкін. Дегенмен, бұл әзірге тек жоба. Қазіргі уақытта құжат қоғамдық талқылау сатысында, сондықтан бұл норма қабылдана ма және қашан күшіне енеді — әзірге белгісіз.

Жақын арада Қазақстанда SIM-карталарды тек ресми байланыс операторлары ғана сата алады. Цифрлық даму министрлігі бұл бойынша тиісті түзетулерді әзірледі. Идея авторларының пікірінше, бұл алаяқтардың қазақстандықтарды алдауына жол бермейді.

Осыған байланысты енді ұялы телефондар, гаджеттер мен аксессуарлар сататын дүкендер, сондай-ақ супермаркеттер мен үй жанындағы шағын дүкендер SIM-карта сата алмайды. Байланыс операторларының кеңселерінен тыс жерлерде SIM-карта сатуын жалғастыратын кәсіпкерлерге айыппұл салынады.