Қазақстанның кейбір аймақтарында +46 градусқа дейін ыстық түседі

Qaz365.kz редакциясы

Қазгидромет мамандары алда кейбір аймақтарға қатты ыстық түсетінін ескертті

Ашық дереккөзден

Қазақстанда ауа райы құбылып тұр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 5 шілдеде – солтүстікте, 5–6 шілдеде – шығыста нөсер жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы, дауылды жел тұруы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

5 шілде күні Шығыс Қазақстанда күндізгі температура 40–42°C дейін көтеріліп, өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстікте аптап ыстық 45–46°C. Оңтүстік-шығыста – 40–45°C. Қалған өңірлерде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, яғни қалыпты деңгейде сақталады.