Батыс Қазақстанда киікті ату науқаны басталды

Qaz365.kz редакциясы

Батыс Қазақстан облысында киіктерді ату жұмыстары басталды. Бұл шара 30 қарашаға дейін жалғасады

Ашық дереккөзден

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмысқа шамамен 40 маман тартылып, төрт арнайы бригада құрылды. Әр топ үш техникамен қамтамасыз етілген.

«2025 жылы жүргізілген әуеден санау қорытындысы бойынша, БҚО аумағындағы киіктердің саны 2,3 миллион басқа жеткен. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, популяцияға зиян келтірмей, оның 20%-на дейінін реттеуге рұқсат етіледі. Бұл – 460 мың басқа дейін деген сөз», – делінген әкімдік хабарламасында.

Ауланған киіктердің етін мынадай ет өңдеу кәсіпорындары қабылдайды:

  • “Кублей” ЖШС,
  • “Жеңіс” ЖК,
  • “Батыс-Нық” ЖШС,
  • “Хаиров” ЖК.

Болашақта бұл іске басқа да ет комбинаттарын тарту жоспарланып отыр.

Атап өтейік, маусым айының соңында Қазақстанда киік санын реттеу туралы шешім қабылданған болатын. Ел бойынша олардың жалпы саны 3,9 миллион басқа жеткен. Ату туралы шешім ғылыми қорытындыларға, шаруалардың ұсыныстарына және әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қабылданған.