39 кен орнының 12-сі – алтын кені
Аукционға қатысуға өтініштер 2 шілде мен 2 қыркүйек аралығында қабылданады. Аукционның өзі 2025 жылғы 19 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осылайша Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министилігі құрамында қатты пайдалы қазбалар бар 39 кен орнын аукционға шығарады.
Аукционға қойылған жер қойнауы учаскелерінде алтын, көмір, марганец, асбест, никель, кобальт, барит және басқа да кен түрлері бар. Кен орындары елдің түрлі өңірлерінде орналасқан. Барлық учаскелер бойынша аралас тәсіл (ашық және жерасты өндіру әдістері) көрсетілген.
Көптеген лот бойынша аукцион 1,9 миллион теңгеден басталады. Ең ірі кен орны – Ақмола облысындағы «Богембай» көмір кені. Көпшілігінде старттық бонус 1,966 млн теңге көлемінде белгіленген.