Ақтөбе облысында аудандарды су алып жатыр
Ақтөбе облысында аудандарды су алып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сондай аудандардың бірі – Қобда ауданы. Aqtobe_sergek Instagram парақшасында Азамат есімді ТЖД қызметкерінің аудан тұрғындарын қайыққа отырғызып, қолмен сүйреп жүрген видеосы жарияланды.
“Мына жігіт жарады. Иықтан батса да, әлі келе жатыр. Бізді сүйреп келе жатыр, бізге бағанадан көмектесіп жатыр. Азамат, жарайсың!” – дейді видео авторы.
Желі қолданушылары жазба астына әртүрлі пікір қалдырды. Бірі оның бұл ісін ерлік деп бағаласа, енді бірі бұлай денсаулықты қатерге тігудің қажеті жоғын жазды.