Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті

Qaz365.kz редакциясы

Күдікті ұсталды

ашық дереккөзден

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Болған оқиға себептері анықталуда.

Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.