"Мені соққыға жықты": Перизат Қайрат өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Ашық дереккөзден

Сот басталғанға дейін журналистер Перизатпен әңгімелесіп, видеоға түсіріп үлгерген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сол кезде Перизат Қайрат айыбын мойындамайтынын айтқан. Оның сөзінше, ҚМА 3,5 млрд теңге жымқырылды деп хабарлаған сома қайырымдылық қоры ашылғалы бері айналған сома қаражаты болған. Перизат Қайрат тіпті уақытша оқшаулағыштың қызметкерлері оны соққыға жыққанын, сол үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. “Анамды бірінші рет көріп тұрмын” деген ол көз жасына ерік берді.

Перизат Қайрат ісі

Қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс материалдары 100 томнан асқан. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тергеу аяқталуға жақын екенін, ал наурызда танысуға берілетінін айтты. Агентіктің дерегінше, Перизат Қайрат тасқын кезінде қайырымдылық қоры арқылы жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Палестина халқына қайырымдылық үшін жиналған қаражатты да қолды етті деген күдік бар. Қаңтар айының соңында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін аукцион ұйымдастырғаны да белгілі болды. Шамамен 22 млн теңге жинап, өз қажетіне жұмсаған көрінеді. Бірнеше пәтер, жеке үй және автокөлік сатып алған.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға да қылмыстық іс қозғалған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысты деген айып тағылып отыр.