Перизат Қайраттың соты жартылай жабық өтетін болды

Qaz365.kz редакциясы

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Ашық дереккөзден

Сот сотталушының өтінішін ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Судья сотты толық жабық өткізуге негіз жоқ деп тапты. Алайда сотталушылар жауап берген кезде және құпия мәліметтер жарияланған жағдайда тілшілерге мұндай мәліметтер ашық жарияланбайтын болды. Перизат пен анасы сотта жауап берген кезде олардың жауабы жалпыға жарияланбайды. Басқа жағдайда сот ашық өтеді.

14 шілдеде басты сот талқылауы өтеді. 

Перизат Қайрат ісі

Қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс материалдары 100 томнан асқан. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тергеу аяқталуға жақын екенін, ал наурызда танысуға берілетінін айтты. Агентіктің дерегінше, Перизат Қайрат тасқын кезінде қайырымдылық қоры арқылы жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Палестина халқына қайырымдылық үшін жиналған қаражатты да қолды етті деген күдік бар. Қаңтар айының соңында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін аукцион ұйымдастырғаны да белгілі болды. Шамамен 22 млн теңге жинап, өз қажетіне жұмсаған көрінеді. Бірнеше пәтер, жеке үй және автокөлік сатып алған.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға да қылмыстық іс қозғалған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысты деген айып тағылып отыр.