Қазақстанға көшіп келген қандастар арнайы сауалнамадан өтетін болды

Qaz365.kz редакциясы

Тиісті бұйрықты бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Айқын

Олжас Бектенов өңірлерде  қандастар мен ішкі қоныс аударушыларға барлық қажетті көмек көрсетіп, жәрдем беруді тапсырды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, этникалық көшіп-қонушыларға елге келгенге дейін алдын ала сауалнама жүргізу құралдарын енгізуі қажет. Бұл қандастардың жеке және кәсіби артықшылықтарын бағалауға  мүмкіндік береді, – деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, қандастарды еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. 

Қазақстанға келетін шетелдіктер көбейді

Олжас Бектенов сонымен бірге жаһандық геосаяси өзгерістер мен миграциялық ағындардың күшеюі жағдайында халықтың көші-қон мәселесі аса маңызды басымдыққа айналып отырғанын айтты. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, нақты реттелетін көші-қон саясатын қалыптастыру керектігін жеткізді. Ол үшін нормативтік құқықтық базаға аудит жүргізіп, мемлекеттік органдардың көші-қон саласындағы функционалдық мүмкіндіктеріне  талдау жасау қажет болады. Заңсыз көші-қон, өңіраралық диспропорция және көші-қон ағындарын  бірыңғай есепке алудың болмауы сияқты барлық өзекті мәселелер бойынша жүйелі әрі кешенді шешімдер қабылдануға тиіс. 

Айта кету керек, соңғы 2 жылда Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктердің саны бір жарым есеге артқан.