Перизат Қайраттың телефонынан бір шабадан ақшаның видеосы табылды

Qaz365.kz редакциясы

Астана сотында Перизат Қайраттың телефонынан алынған деректер жарияланды

Казинформ

Кейбір кадрларда ішіне қолма-қол ақша тығындалған шабадан бейнеленген, деп хабарлайды Qaz365.kz

Соттағы жарыссөз барысында прокурор Арман Қазекен айыпталушы Алашбаеваның ұстанымына қатысты пікір білдірді.

"Ол (Алашбаева) жауап беруден бас тартқанымен, оның ұстанымы айдан анық: өзін кінәсіз санайды және қызы Перизат Қайраттың әрекеттеріне еш қатысы жоқ деп есептейді. Алайда Перизат Қайраттың телефонынан 20 мыңдық купюраларға толы шабадан бейнеленген видео табылды. Онда мынадай сөздер айтылған: “Не деуге болады, ең жақсы жыл. Аллаға шүкір”", – деді Қазекен.

Бұған дейін де сотта Перизат Қайраттың телефонынан алынған 10 миллион теңгемен түскен селфи суреті туралы ақпарат жарияланған болатын.

Бүгін, 22 шілдеде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа – 10 жыл, ал анасы Алашбаеваға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

23 шілдеде қоғам белсендісіне қатысты іс бойынша соттағы жарыссөз жалғасады.