Ресейде ұлттық мессенджер құру процесі жүріп жатыр
Ресейде одан бөлек шетелдік мессенджерлерді бұғаттау мәселесі де белсенді түрде талқылануда, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл тізімге миллиондаған ресейлік пайдаланатын WhatsApp қосымшасы да кіруі мүмкін. Аталған бастамалар мемлекеттік деңгейге дейін жетті: ұлттық мессенджер құру туралы заңға Владимир Путин қол қойды.
«Достар, сәлем! Мен жақында Max қосымшасын жүктеп алдым. Білесіздер ме, бұл қосымша тіпті автотұрақта да жұмыс істейді деп таңғалдым», — деп бөлісті әнші әрі блогер бір видеосында.
Max мессенджері 2025 жылдың наурызында іске қосылған. Қосымша бірден бірнеше танымал мессенджердің функцияларын біріктірген:
– мысалы, WhatsApp-тағыдай бизнес-аккаунттар бар,
– Telegram-дағыдай арналар тестіленіп жатыр.
«Бұл — “ТамТам” мессенджерінің жаңартылған нұсқасы деуге болады. Одан туындайтын барлық мәселелер де сақталған: қауіпсіздік туралы әңгіме жоқ, бұл мүлде күн тәртібінде емес. Telegram мен WhatsApp-ты өшіре ме – белгісіз. VK компаниясының ішіндегі қарапайым қызметкерлер арасында бұл туралы нақты әңгіме жоқ. Мүмкін, күзге қарай бірдеңе айқын болар. Визуалды түрде бұл қосымша Telegram-ға қатты ұқсайтын болады. Сапасы жағынан — әдеттегі VK өнімі», — дейді BBC-ге пікір білдірген VK-дегі дереккөз.
Max мессенджерінің иесі – «Коммуникациялық платформа» компаниясы. Бұл компания Мәскеудегі VK орналасқан бизнес-орталықта жұмыс істейді. «Ведомости» газеті бұл компаниялардың өзара байланысы бар екенін жазған. VK-ның түпкі иесі — «Газпром». Ал VK-ны РФ Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Сергей Кириенконың ұлы Владимир Кириенко басқарады. Ал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің тікелей жетекшісі — Степан Ковальчук. Ол — Юрий Ковальчуктың немере інісі. АҚШ билігі Юрий Ковальчукты «Путиннің жеке банкірі» деп атайды. Осылайша, мессенджерді әзірлеген компания Ресей билігімен тығыз байланысты деуге болады.