Гаагадағы халықаралық сот Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға байланысты тұтқынға алуға ордер берді.
Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі rbc.ru сайтына сілтеме жасап.
Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. Бүгін Ресей әскерлерінің Украинаға толыққанды басып кіргеніне 387-ші күн.
БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украин азаматы үйлерін тастап кеткен.
Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіру үшін қылмыстық жауапты деп айыптап, қамауға алуға ордер берді.
Путинге айып тағылып отырған қылмыстар Украинаның оккупацияланған территориясында кем дегенде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалған, деп жазады сот.
Сондай-ақ, сот ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы да қамауға алуға ордер берді.