Ақша айырбастау орындары долларды 550 теңгеден сатып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Америкалық валюта күткен межеден асып түсті

Ашық дереккөзден

Айырбастау орындарында доллар 550 теңгеден жоғары бағамен сатылып жатыр. Бұл — 540 теңгелік «бектеновтық» межеден 10 теңгеден аса қымбат,  деп жазады Qaz365.kz.

Айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа сату бағамы 550 теңгеден асып, кейбір банктерде 553,5 теңгеге жетті.

Еуро 636 теңгеден асты, рубль — 6,61 теңге, ал юань — 77,5 теңге болды.

Сарапшылар бұған дейін доллар бағамының өсуін маусымдық факторлармен, импорттың артуымен және 2026 жылға арналған бюджет жобасындағы болжаммен байланыстырады.